19.02.2008, 15:34 2947

ТЖМ инспекторлары 2008 жылдың қаңтарында "Арселор Миттал" көмір департаментінің шахталарында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзуға қатысты мыңдаған оқиғаны әшкереледі - Божко

ТЖМ инспекторлары 2008 жылдың қаңтарында "Арселор Миттал" көмір департаментінің шахталарында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзуға қатысты мыңдаған оқиғаны әшкереледі - Божко

Астана. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ТЖМ инспекторлары 2008 жылдың қаңтарында "Арселор Миттал" көмір департаментінің шахталарында өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзуға қатысты мыңдаған оқиғаны әшкереледі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Владимир Божко бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ТЖМ инспекторларының құрамы 2008 жылдың қаңтарында "Арселор Миттал" көмір департаментінің шахталарында 153 тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарын бұзуға қатысты 1094 оқиға анықталып, 70 нысанның, соның ішінде 10 тазартушы, 27 дайындық забойының жұмысы тоқтатылды", - деді В. Божко.

"Басқару инспекторы 6 ақпанда "Саран" шахтасын тексеру барысында қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, қажетті ауа көлемімен қамтамасыз етпеу салдарынан метан концентрациясы 2 процентке жетуге байланысты конвейерлік штректің жұмысы тоқтатылды. Осындай заң бұзушылыққа байланысты "Саран" шахтасының 6 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", -деді ол.

Оның мәліметінше, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 лауазым иесіне 300 мың теңгеден астам көлемде айыппұл жүктелді.

"Қазір ТЖМ мамандары Бас прокуратура комиссиясының құрамында көмір департаментіне көмір шахталарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тексерулерге қатысуда", - деді министр.

Бұған қоса министрдің атап көрсетуінше, көмір өнеркәсібін жауаптанатын мемлекеттік инспекторлардың іс-қызметіне жүргізілген талдау олардың жұмыс жүктемесінің тым жоғары екенін көрсеткен. "Қарағанды облыстық көмір өнеркәсібіндегі тау-кен техникалық бақылау басқармасының тек 4 бөлімі 2007 жылы 9185 нысанға тексеру жүргізген", - деді В. Божко.

"Яғни, бір инспектор бір жылда орта есеппен 483 нысанға тексеру жүргізеді. Бұл іс жүзінде инкспекторлар бір жұмыс күнінде 2 - 3 нысанды тексеруге мәжбүр екенін білдіреді. Мұндай қарқын жекелеген жағдайларда тексерулердің атүсті жүргізуге алып келетінін мен түсінемін, сол себепті ахуалды өзгерту қажет", -деді В.Божко.

"Бұған қоса мемлекеттік инспекторлардың жалақы көлемін қайта қарап, оны көмір кәсіпорындарындағы осы тектес қызметкерлердің жалақысымен теңестіру қажет", - деді В. Божко. Оның нақтылауынша, қазір мемлекеттік инспектордың орташа жалақысының деңгейі жұмыс өтіліне байланысты 30 - 40 мың теңгені құрайды.

"Салыстыратын болсақ : ТЖМ-нің бақылауы аясындағы кәсіпорындағы тау-кен мастерінің жалақысы 97 мың теңгені, қауіпсіздік техникасы жөніндегі учаске бастығының жалақысы - 190 мың теңге, қауіпсіздік техникасы бойынша директор оырнбасарының жалақысы - 258 мың теңгені құрайды", - деді ол.

"Еңбекақы көлеміндегі мұндай айырмашылық бізге тау-кен өнеркәсібі саласы бойынша тәжірибесі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік бермей отыр. Өзінің қызмет бабындағы міндеттерін орындау үшін инспектор жер астындағы қазба орындарына жиі түседі, сол арқылы олар өз өмірін кеншілерден кем емес деңгейде қауіпке тігеді. Сол себепті бізде инспекторлар жиі ауысады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны