20.10.2010, 14:16 3710

ТЖМ мен жол полициясының техникалық жабдықталу деңгейі Алматы-Астана тасжолында апатқа ұшыраған адамдарды дер кезінде құтқаруға мүмкіндік бермейді - мәжіліс депутаты

ТЖМ мен жол полициясының техникалық жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі Алматы-Астана тасжолында көлік апатына ұшыраған адамдарды дер кезінде құтқаруға мүмкіндік бермейді, көз жұмған адамдар саны өсіп барады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Ерлан Нығматулин ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - қазан. Kazakhstan Today - ТЖМ мен жол полициясының техникалық жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі Алматы-Астана тасжолында көлік апатына ұшыраған адамдарды дер кезінде құтқаруға мүмкіндік бермейді, көз жұмған адамдар саны өсіп барады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Ерлан Нығматулин ҚР премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның ақпараттарына сүйенсек, "аталмыш тасжолда ағымдағы жылдың 9 айында 142 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 97 адам көз жұмған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық".

"Талдау жұмыстары Алматы - Астана тасжолындағы ең қауіпті аумақ Қарағанды -Сарышаған учаскесі екендігін көрсетіп отыр. Бұл аумақта жыл басынан бері 81 көлік апаты болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Ал осы апаттар салдарынан 63 адам көз жұмған, бұл 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артық",- деп нықтылап өтті ол.

"Бұл мысалдар аталмыш тасжолдағы қауіпсіздік мәселесі мен қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдем көрсету мәселесін шешуде жүйелі шаралар қабылдауды кейінге қалдырмау керектігін айтып отыр. ТЖМ мен жол полициясының техникалық базасының қажетті деңгейде жабдықталмағандығына көзіміз жетіп отыр",- деп атап көрсетті депутат.

"Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құрметті Кәрім Қажымханұлы, Сізден алға қойылған мәселені қарастырып, қажетті шешім қабылдауыңызды сұраймыз",- деп айтылған соңына тағы бес депутат қол қойған депутаттық сауалда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны