05.05.2008, 09:37 1414

ТЖМ орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығулар өткізуде

ТЖМ орман өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығулар өткізуде

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысындағы "Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің Лейковское орман шаруашылығында 5 - 6 мамырда "Сандықтау ауданының халқы мен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің, апаттан құтқару қызметінің және басқарушы органдарының ауқымды табиғи өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекеті" деген тақырыппен аумақтық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құтқарушылардың жасаған сценарийі бойынша, өрт ошағы шаруа қожалығының аумағындағы шөп қалдықтарын өртеу кезінде байқаусызда өрт жіберіп алу салдарынан шығады. Батыстан соққан жел өрттің елдімекен мен орман массивіне тез таралу қаупін тудырады", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу мақсатындағы өртті сөндіруге 50 дана жер үсті және арнаулы ұшу техникасы, ҚР ТЖМ құтқарушылар қызметінің, ерікті өрт сөндіруші дружиналар, орман шаруашылықтары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының мүшелері 194 адам жұмылдырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны