10.01.2008, 17:43 3165

ТЖМ өртке қарсы күрес қызметі комитетінің басшысы кәсіпкерлерді комитет қызметкерлері тарапынан жасалған бопсалаушылық деректері туралы хабарлауға шақырады

ТЖМ өртке қарсы күрес қызметі комитетінің басшысы кәсіпкерлерді комитет қызметкерлері тарапынан жасалған бопсалаушылық деректері туралы хабарлауға шақырады

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ТЖМ өртке қарсы күрес қызметі комитетінің басшысы Сергей Дырин кәсіпкерлерді комитет қызметкерлері тарапынан жасалған бопсалаушылық деректері туралы хабарлауға шақыра отырып, парақорларды жұмыстан шығаруға уәде берді. Бұл туралы ол бүгін бизнес өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

"Кәсіпкерлік өкілдерімен күн сайын кездесетін біздің инспекторлардың жұмысына келсек, мен сіздерді сұғанақ қол жандарға ешбір мүмкіндік қалдырмауға шақырамын. Егер кімде-кім телефон шалып, әлдебір сұғанақ қол қызметкердің бопсалаушылық немесе нысандарға барғыштық дерегі анықталып жатса, ол ертеңінде-ақ жұмыстан шығады деп уәде беремін. Мен бұған бар жауапкершілігіммен уәде беремін", - деді С. Дырин кәсіпкерлік өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Ол сондай-ақ, өртке қарсы күрес қызметі комитетінде бопсалаушылықпен айналысатын қызметкерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Комитет басшысының мәліметінше, 2007 жылы "республиканың өртке қарсы күрес қызметі органдарының үш қызметкері пара алғаны үшін қамауға алынған, қазір істер өндірісте жатыр".

"Ириен, мұндай оқиғалар бізге абыраой әпермейтіні анық, біз оған қаытсты жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны