11.06.2014, 19:41 2876

У.Руснак: 2014 жыл - энергетикалық сала дамуының шешуші кезеңі

2014 жыл - энергетикалық сала дамуының маңызды кезеңі, деп Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак баспасөз конференциясында айтты.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. 2014 жыл энергетикалық сала дамуының маңызды кезеңі, деп Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак баспасөз конференциясында айтты.

"Энергетикалық Хартияның Астаналық сессиясы 2014 жылдың қарашасына жоспарланған. Онда құқықтық құжаттар мен ұсыныстар пішініндегі жұмыстар атқарылады. Ол даулы мәселелердің шешімін тауып, үрдісті жеделдетеді деп күтілуде", - деді ол.

Бүгінгі таңда инвесторлар мен мемлекет тарапынан төрелік жұмыстарын шешу үшін қаржы мен уақыт қажет. "Егер де біз инвесторлар арасында туындайтын дауларды шешуге септігімізді тигізсек, ол инвестициялық климатты жақсартар еді", - деді ол.

"Біз жаңа энергохартия құрамында 54 қатысушы ел бар хартияның құқықтық әлеуетін кеңейтеді деп үміттенеміз. 20-ға жақын ел өз тәжірибесімен бөлісуге дайын", - деді ол.

Сондай-ақ, ол 2014 жылы энергия хартиясында жаңа кезең басталатындығын айтты. "Солтүстік Еуразияның өңірлік жобасы ретінде құрылған хартия елдер арасындағы энергетикалық қарым-қатынастың жаһандық жүйесіне айналады", - деді ол.

Айта кетейік, биылғы жылғы қарашаның 26-27-сы аралығында Энергетикалық Хартия жөніндегі конференцияның 25-сессиясы өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны