21.04.2009, 18:42 2696

Ибіләзов пен оның сенімді адамдарының иелігіндегі мүліктерге тоқтам салынды - Бас прокуратура

Ибіләзов пен оның сенімді адамдарының иелігіндегі мүліктерге тоқтам салынды - Бас прокуратура

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ибіләзов пен оның сенімді адамдарының иелігіндегі мүліктерге тоқтам салынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресми өкілдің хабарлауынша, кеше Бас прокуратурада Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы полициясы, Ішкі істер министрлігі, Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігі және "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшыларының қатысуымен үйлестіру мәжілісі өтті.

Мәжілісте "БТА Банк" акционерлік қоғамының және оның еншілес ұйымдары қызметінің мәселелері, сонымен бірге банктердің Ұлттық қордың қаражатын мақсаттық қолданылуына тексеру рәсімі қаралып, талқыланды.

Атап айтқанда, "БТА Банктен" заңсыз шығарып алынған активтерді қайтару мәселелері талқыланды.

Мәселен, алдын ала тергеу жүргізу органдары Ибіләзов пен оның сенімді адамдарының иелігіндегі аяқталмаған үй кешенінде орналасқан 825 пәтерді, Алматы орталығындағы 8 кеңсе үй-жайын, 25 автокөлік пен басқа мүліктерін анықтап, оларға тоқтам салынды.

Сонымен бірге, прокуратура органдары Алматы қаласының Арнайы ауданаралық экономикалық сотына банктің пайдасына 100 млрд. астам теңге өндіру туралы, банктің кепілдемесіндегі VIP үрдісіндегі салоны бар үш ұшақ пен Ресей Федерациясы Мәскеу облысындағы жер телімдерінің қайтарылуы туралы 19 талап арыз берді.

Бүгінгі күні "БТА Банктің" пайдасына 30 млрд астам теңгені өндіріп алу туралы үш талап арыз қаралып, қанағаттандырылды.

"БТА Банк" ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке 32 адам тартылды. 11 адамға (Ибіләзов, Жәрімбетов, Солодченко, Кәрімов, Ризоев, Ахмедиярова, Садықов, Жүнісова, Начинкина, Ефимова, Жақсыбергенов) қатысты сырттай тұтқындау түріндегі бұлттартпау шарасы белгіленді. Осыған байланысты, оларға халықаралық және мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта Ибіләзовтің үш сыбайласы - Дүйсенбеков, Дашев пен Жәнібеков қамауда отыр.

Сонымен қатар, Украина аймағында ұсталып, тұтқындалған Ризоевты экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.

Сот тағы бір қылымысқа қатысушыға қатысты үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі, ал қылмысқа қатысушы қалған адамдарға айып тағылды, қазір олар ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген.

Тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында 11 халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді.

Сонымен қатар, мәжіліс аясында мемлекеттік және "БТА Банк" несиегерлері мүдделерін қорғау жөнідегі өзара және бірлескен әрекеттерді ұйымдастыруға байланысты мәселелер де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары, Қаржы қадағалау жөніндегі агенттік пен "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры арасында өзара әрекеттерді жетілдіру туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны