13.06.2014, 19:00 10769

ҰБТ қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы 3-ші орынды иемденді

ҰБТ қорытындысы бойынша, ақтөбелік түлектер көрсеткен нәтиже - Алматы және Астана қалалары көрсеткіштерінен кейінгі үшінші орында. Өткен жылы өңір бойынша орташа балл 76,8-ді құрап, елдің барлық аймақтары арасында 5-орынды иемденген болатын.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. ҰБТ қорытындысы бойынша, ақтөбелік түлектер көрсеткен нәтиже - Алматы және Астана қалалары көрсеткіштерінен кейінгі үшінші орында. Өткен жылы өңір бойынша орташа балл 76,8-ді құрап, елдің барлық аймақтары арасында 5-орынды иемденген болатын.

Үстіміздегі жылы облыста 6502 бала мектеп бітіріп, солардың 69,3 пайызы, яғни 4508 түлек ҰБТ-ға қатысқан. Қорытындысында, облыс бойынша орташа балл - 84 балл болып отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен жоғары: еліміз бойынша орташа балл - 76,7, деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Өткен жылы облыс бойынша "Алтын белгіден" үміткер түлектердің 42,6 пайызы шын мәнінде үздік екендіктерін дәлелдеп шыққан болса, биыл бұл көрсеткіш те жоғары - 49, 7 пайыз. "Алтын белгіден" үміткер 320 түлектің 159-ы ҰБТ-да өз білім деңгейлерін дәлелдей алды.

Облыс бойынша ең жоғары балл - 124 балл. Бұл көрсеткішке екі қызымыз қол жеткізді: Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың түлегі, үздік аттестат иегері Жанар Болатова және "Сымбат" мектебінің түлегі, "Алтын белгі" иегері Айдана Мұрат.

ҰБТ-ға қатысқан түлектердің үлесі 15,8 пайыз болып отыр. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 26 пайыз болған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны