31.03.2010, 16:52 6142

Иділет министрі президентке еліміздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі істердің жағдайы туралы баяндады

Иділет министрі президентке еліміздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі істердің жағдайы туралы баяндады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министр президентті ведомствоның ағымдағы қызметі, "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты президенттің Қазақстан халқына жолдауында алға қойылған міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын орындау туралы хабардар етті. Атап айтқанда, заңнамалық қызметті жетілдіру жөнінде қабылданған шаралар, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі істердің жағдайы туралы баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны