29.10.2007, 15:20 2791

Иділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек

Иділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек.

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Иділет министрлігі "Мемлекеттік активтер туралы" заң жобасын әзірлемек. Бұл туралы бүгін, парламенттегі үкімет сағатында сөз сөйлеген әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Келесі жылы "Мемлекеттік активтер туралы" жиынтық заң жобасын әзірлеу жоспарлануда, онда мемлекеттік меншікті басқарудың негізгі принциптері, формалар мен әдістері реттелетін болады",- деді З. Балиева.

Атап айтқанда, министрдің айтуынша, заң жобасында "мемлекет меншігін иеліктен шығару тәртібі, активтер сатып алу тәртібі, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және есепке алу тәртібі" сияқты мәселелер көрініс табады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны