01.10.2012, 12:17 2659

Иділет министрлігі сот өндірісін жетілдіруге байланысты заң жобасын әзірледі

"Біз осы заң жобасын әзірлеуге Тони Блэрдің халықаралық тобын тарттық. Және олар Қазақстанның сот актілері жөніндегі заңнамалар мен халықаралық тәжірибені талдау бойынша үлкен көмек көрсетті", - деді Б.Имашев.

Астана. 1-қазан. Kazakhstan Today - Тони Блэр бастаған халықаралық топ Қазақстан Республикасының Иділет министрлігіне сот актілері жөніндегі заң жобасын әзірлеуге көмек көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында ҚР Иділет министрі Берік Имашев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Біз осы заң жобасын әзірлеуге Тони Блэрдің халықаралық тобын тарттық. Және олар Қазақстанның сот актілері жөніндегі заңнамалар мен халықаралық тәжірибені талдау бойынша үлкен көмек көрсетті", - деді Б.Имашев.

"Аталмыш заң жобасына сәйкес, сот актілерін орындау барысында халықаралық тәжірибеге сүйене отырып төлем және сыйақы ставкаларын қайта қарастыру ұсынылып отыр. Бұл өз еркімен өтеуді ынталандыру мен төлем өндірудің тиімділігін арттыру және сот актілерін уақытылы орындамағаны үшін өсімпұл белгілеуді қарастырады", - деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, жекеменшік сот орындаушыларының қызметін ынталандыру мақсатында сараланған төлем ставкасы енгізіледі, - деп атап өтті Б.Имашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны