15.06.2012, 12:19 2671

Иділет министрлігі "Иділет" тегін заңнамалық базасын таныстырды

ҚР Иділет министрлігі "Иділет" тегін заңнамалық базасын таныстырды. Бұл базаға Қазақстанның барлық нормативтік-құқықтық актілері енгізіліп отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Иділет министрлігі "Иділет" тегін заңнамалық базасын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Иділет министрлігі "Иділет" тегін заңнамалық базасын таныстырды. Бұл базаға Қазақстанның барлық нормативтік-құқықтық актілері енгізіліп отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

"Енді әрбір қазақстандық http://www.minjust.kz мекен-жайы бойынша сайтқа кіріп, тәуліктің кез келген уақытында онлайн-режимде өзінің құқықтары туралы біле алады және заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың хронологиясын қадағалай алады", - делінген ведомство хабарламасында.

"Иділет" деректер базасы - мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің толық электрондық жинағы болып табылады және ол ресми дереккөздерден жинақталады, бұл өз кезегінде нормативтік құқықтық актілердің айрықша шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оған қоса, веб-жүйеде нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясы, сондай-ақ күші жойылған құжаттар кітапханасы да сақталынады.

"Нормативтік құқықтық актілердің "Иділет" деректер базасы" веб-жүйесі ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асырудың шеңберінде әзірленіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны