17.08.2012, 15:01 2595

Иділет министрлігі жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірледі

"Заң жобасы жекеменшік детектив қызметтеріне тапсырыс берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жекеменшік детективке жекеменшік детективті қызмет жүргізуге мүмкіндік береді , заң жобасында бұл қызметтің тәртібі реттелген, шектеулері белгіленген", деді Астанада жұмада әділет министрлігінің заң қабылдау институты директорының міндетін атқарушы Жанат Құлжабаева заң жобасын талқылау барысында.

Астана. 17-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның Иділет министрлігі "Жекеменшік детектив қызметі туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасы жекеменшік детектив қызметтеріне тапсырыс берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жекеменшік детективке жекеменшік детективті қызмет жүргізуге мүмкіндік береді , заң жобасында бұл қызметтің тәртібі реттелген, шектеулері белгіленген", деді Астанада жұмада әділет министрлігінің заң қабылдау институты директорының міндетін атқарушы Жанат Құлжабаева заң жобасын талқылау барысында.

Ол атап өткендей, іс жүзінде жекеменшік детективті қызмет азаматтарға заңды мүдделерін қорғау жолдарын таңдауға мүмкіндік береді және демократиялық қоғамның қажетті элементі болып табылады.

ІІМ өкілі де тұтас алғанда жекеменшік детектив институтының енгізілуін қолдады.

"Қылмыстарды ашуға жекеменшік детективтерді қатыстыру мүмкіндігі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар арасында бәсекелестік ахуалды қалыптастыруға мүмкіндік бермек, тергеудің толық жүргізілуіне ықпал етпек", деді ІІМ криминалды полиция комитетінің қылмыстық үрдіске қатысушыларды қорғауды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше бастығы Шәмшідин Байқуатов.

Заң жобасына орай, 25 жастан ересек жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан азаматы лицензия алғанда жағдайда жекеменшік детектив бола алады.

Алдында хабарланғандай, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған қаңтардағы жолдауында республикада жекеменшік детектив қызметі институтын енгізу міндетін алға қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны