29.10.2007, 16:01 2845

Иділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі

Иділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі.

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Иділет министрлігі жол-көлік апатына қатысты сараптама жүргізуге арналған жаңа әдістеме әзірледі. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында сөз сөйлеген әділет министрі Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінгі күнде әдістеме әзірленіп қойған, және де ол жақын арада бекітіледі",- деп мәлім етті З. Балиева.

"Біз бұл әдістемені әзірлеуде сараптама жасаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен де келістік, ресейлік әріптестерімізбен де бірлесе жұмыс істедік. Бүгінде ол дайын",- деп қосты ол.

Сондай-ақ министр, "бүгінгі күнге дейін сот сараптама орталығы 1978 жылғы әдістемені - Илларионовтың көлік оқиғалары бойынша әдістемесін пайдаланып келді", деп атап өтті.

Жалпы, З. Балиеваның мәліметтеріне сүйенсек, Иділет министрілігі 2,5 жыл ішінде әртүрлі сараптама жүргізудің 96 әдістемесін әзірлеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны