25.12.2006, 16:58 2416

"Иділет" партиясы мемлекеттік салып алу туралы заң жобасына түзетулер енгізу қажет деп мәлімдеді

АЛМАТЫ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Иділет" демократиялық партиясының тұрақты жұмыс тобының мүшелері "Мемлекеттік салып алу туралы" заң жобасына шетелдердің тәжірибесін ескеру негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

""Иділет" демократиялық партиясы аталмыш заң жобасын ұсынылған нұсқада қабылдауға болмайды деп мәлімдейді. Өйткені, оның көптеген ережелері дәйектелмеген және ол тауарлар, қызмет түрлері мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол беруге жағдай жасайды",- деді партияның тең төрағасы Төлеген Сыдықов.

Оның айтуынша, "заң жобасында түрлі сілтемелік нормалар көп. Ол түрлі баптар мен тармақтарды түрліше түсіндіруге жағдай жасайды". "Заң жобасының мазмұны елімізде ол тауарлар, қызмет түрлері мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру барысында мемлекеттік құрылымдардың лауазым иелеріне айрықша кең көлемді өкілеттіліктер беру арқылы олар тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен басқа да әділетсіз әрекеттерге баруға жол ашады",- деді Т.Сыдықов.

Сонымен бірге оның айтуынша, заң жобасында мемлекеттік сатып алу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ететіндей айқын тетіктер жасалмаған.

Т.Сыдықовтың айтуынша, "құжатта сатушылар мен олардың өкілдерінің заңды мүддесін қорғау тетіктері дәйектелмеген, жалпы алғанда аталмыш заң жобасы сатушыны тапсырыс берушімен салыстырғанда тең емес жағдайда қалдырған". "Тапсырыс беруші сатушымен салыстырғанда заң жобасында жасанды артықшылыққа ие болған",- деді ол.

Жұмыс тобының мүшелері сонымен қатар заң жобасына сәйкес байқау құжаттарын толтыруда біртұтас формат пайдаланылмайтындығын, айқын талаптар мен дәйектемелер жоқтығын атап өтті. Олар түзетулерге қатысты өз ұсыныстарын, парламенттегі өз өкіліне жолдады. Заң жобасы ертең мәжілістің отырысында қаралады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны