01.09.2009, 10:41 1401

Иділетті бәсекелестік және жеке меншікке қол сұғылмау принциптері мызғымас қалпында қала береді - Назарбаев

Иділетті бәсекелестік және жеке меншікке қол сұғылмау принциптері мызғымас қалпында қала береді - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Иділетті бәсекелестік және жеке меншікке қол сұғылмау принциптері мызғымас қалпында қала береді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Иділетті бәсекелестік, жеке меншікке қол сұғылмау және іскерлік бастаманы ынталандыру секілді экономиканың тұғырлық принциптері мызғымас қалпында қала береді дегенді ерекше атап өткім келеді ", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге оның айтуынша, "нарықтық тетіктер мен мемлекеттік реттеу арасындағы тиімді балансты таба білу қажет". "Мемлекеттік тетіктер нарықтық принциптерді жүйелік тұрғыда күшейтіп, толықтыра түсуге тиіс", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны