Система Orphus

Әуе-десантшылар әскері күні қазақстандық десантшылар Псков қаласындағы 6 рота ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

13.08.2019, 23:54 5428

Нұр-Сұлтан.13 тамыз. Kazakhstan Today - Халықаралық армиялық ойындарға қатысып жатқан қазақстандық "Десанттық взвод" командасы 6 парашюттік-десантшылар ротасының құрамында мерт болған 84 жауынгерлік ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасында Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің күні 6 шілде күні аталатынына қарамастан, әрбір десантшы өзінің төл мерекесі деп 2 тамызды санайды. Осы күндірі, Ресейдің Псков өңірінде жүрген қазақстандық десантшылар да осы мерекеде бей-жай қалмай Череха елдімекенінде орналасқан, 76-шы гвардиялық әуе-десанттық дивизиясы 6 ротасының құрамында ерлікпен қаза тапқан 84 жауынгердің құрметіне қойылған "Купол" ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Аталмыш 6 ротаның жеке құрамы екінші шешен науқаны барысында, 2000 жылдың 29 ақпан күні, Аргун шатқалының 776 биіктігінде сепаратистер күшімен қоршауға алынған болатын. Қарсыластын басым күштілігіне қарамастан, десантшылар өз позициясын тастамады. Нәтижесінде барлығы дерлік ерлікпен қаза тапты. Рота құрамында Ресей жерінде туған этникалық қазақтар қатардағы жауынгерлер Куатбаев Галим Мухамбетгалиевич, Кенжиев Амангельды Амантаевич пен Амбетов Николай Камитович, сонымен қоса Қазақ КСР туылған кіші сержант Елисеев Владимир Сергеевич, ефрейтор Гердт Александр Александрович болды.

Қазақстандық десантшылар осы жарыстың барысында, Псков облысының Новосокольний айданы, Монаково ауылында жерленген Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлованың жерленген жеріне баруды жоспарлаған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны