10.02.2015, 19:57 3960

Уфада өтетін ШЫҰ саммитіне Үндістан, Пәкістан және Иран басшылары қатысады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жақында Уфада өтетін саммитке Үндістан, Пәкістан және Иран басшылары қатысады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцевке сілтеме жасап хабарлады

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) жақында Уфада өтетін саммитке Үндістан, Пәкістан және Иран басшылары қатысады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы ТАСС ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцевке сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша Үндістан, Пәкістан және Иранмен қатар ШЫҰ-ға толыққанды мүшелікке өтініш берген бірнеше мемлекет бақылаушы және серіктес мәртебесіне ие болуға ұмтылуда. Мәселен, бақылаушы мәртебесіне Сирия, Беларусь, Армения, Изірбайжан мен Бангладеш өтініш берді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

ШЫҰ және БРИКС саммиттері 2015 жылғы 8-10 шілдеде өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны