29.04.2013, 14:43 6188

ҮИИД МБ жүзеге асыру мәселелері ертең ҚР Үкіметі отырысында қаралады

"Үкімет отырысында еліміздің индустриялды-инновациялық даму мәселелері қаралады. ҮИИД МБ жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, "Самұрық- Казына" ҰИҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев, "Атамекен" одағы" ҚҰЭП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдейді", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Ертең, 30 сәуірде Үкімет отырысында Үдемелі индустриялды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИД МБ) жүзеге асыру мәселелері қаралады, сонымен бірге өткен жылу беру маусымының қортындылары жарияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев мәлім етті.

"Үкімет отырысында еліміздің индустриялды-инновациялық даму мәселелері қаралады. ҮИИД МБ жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, "Самұрық- Казына" ҰИҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев, "Атамекен" одағы" ҚҰЭП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдейді", - деді А.Ибибуллаев.

2012-2013 жылдардың жылу беру маусымының өту қортындылары және келесі жылу беру маусымына дайындық туралы ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.Жақсалиев пен ҚР өңірлік даму бірінші вице-министрі К.Өскенбаев баяндайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны