05.05.2009, 15:07 2222

Ийел зорлаған күдікті деп танылған қаржы полициясының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - Қожамжаров

Ийел зорлаған күдікті деп танылған қаржы полициясының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - Қожамжаров

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ішкі істер министрлігі әйел зорлаған күдікті деп танылған қаржы полициясының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қылмыстық құрамның болмауына байланысты тексеруді тоқтатты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров бүгін "Нұр Отан"ХДП-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"ІІМ жуырда әйел зорлаған күдікті деп танылған қаржы полициясының бұрынғы екі қызметкеріне қатысты қылмыстық істі олардың әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдады", - деді Қ. Қожамжаров.

"Бұл жерде БАҚ жарияланымдары бойынша қорғансыз әйелді зорлады-мыс делінген қаржы полициясының екі қызметкері жайлы болып отыр. Біз кейде газеттерде жарияланған мәліметтерді іс бойынша дәлелденген соттың үкімі секілді, тіпті абсолютті шындық секілді қабылдап жатамыз ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны