22.08.2007, 15:35 3646

Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің мемлекеттік басқару органдарына кіруге жасаған әрекетінің жолы кесілді - ІІМ

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сайлау науқаны кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің мемлекеттік басқару органдарына кіруге жасаған әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22 - тамыз. АСТАНА. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сайлау науқаны кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінің мемлекеттік басқару органдарына кіруге жасаған әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында "Қырықбаевтар" ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшілері Өксібай Нұрмұқан мен Өксібай Алмаз өмірбаян мәліметтерін ауыстырып, кіріс туралы жалған декларация мен ақпарат беріп, Жамбыл облысының қалалық және облыстық мәслихатына үміткерлікке ат ұсынылған", - деп хабарлады С. Күсетов.

Ол "ағайынды Қырықбаевтар" қылмыстық тобының жедел есепте 10 жылдан астам уақыт бойы тұрғандығын атап өтті. "Аталмыш қылмыстық топты тарату барысында біз оның алты мүшесін анықтадық. Олардың төртеуі - ағайынды қырықбаевтар. Топ боспалаушылықпен, қарақшылықпен, тонау және кісі өлтірумен айналысқан",- деп хабарлады С. Күсетов.

Сонымен қатар, С. Күсетовтың айтуынша, Ақтөбе облысында есепте тұрған қылмыстық топтың жетекшісі өзін облыстық мәслихатқа ұсынған. "Ол сайлау өткеннен кейін лауазымды тұлғаны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 112 және 119 баптары бойынша өзіне тағайындалған айыптау мерзімін шегерту мақсатында пара бермек болған",- деп хабарлады комитет төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны