07.12.2009, 15:16 2919

Үй-жайдың ішінде отшашуды пайдалануға тыйым салу қажет - ҚР ТЖМ

Үй-жайдың ішінде отшашуды пайдалануға тыйым салу қажет - ҚР ТЖМ

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үй-жайдың ішінде отшашуды пайдалануға тыйым салу қажет. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз бұдан былай үй-жайдың ішінде отшашуды пайдалануға тыйым салуды талап етеміз, осы айда Ресейдегі секілді оқиғаға жол бермеу үшін", - деді В. Божко.

Оның айтуынша, бұл орайда жалпы отшашуды ғимараттан тысқары жерлерде пайдалануға шектеу қою туралы сөз болып отырған жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мереке қарсаңында Ресейдің Пермь қаласында болған секілді оқиғаның алдын алу үшін тексерулер жүргізуді тапсырды. Ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында Астана мен Алматы қаласының әкімдері мен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкоға ойын-сауық орындарында отшашуды пайдалану жағдайын тексеру туралы тапсырма берді.

"Астана мен Алматы қаласының әкімдері Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл қарсаңында осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жедел тексерулер жүргізетін болсын", - деді Кәрім Мәсімов.

Сондай-ақ, ол ресейліктерге жуырда болған оқыс оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Пермь қаласындағы түнгі клубта шыққан өрт салдарынан 112 адам қаза тапты. Өрттің шығуына отшашуды пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны