09.10.2012, 19:50 3370

Үкімет 10 күннен кейін суға қойылатын шекті тарифті енгізуді қарастырады

"Бізде электр энергиясына шекті тарифті енгізу тұрғысында жақсы тәжірибе бар. Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевке осы тұрғыда тиісті тапсырма жүктелген болатын",-деп тоқталды С. Ахметов.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Серік Ахметов суға шекті тарифті енгізу мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов суға шекті тарифті енгізу бойынша мәселені қарастыруды тапсырды.

"Бізде электр энергиясына шекті тарифті енгізу тұрғысында жақсы тәжірибе бар. Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевке осы тұрғыда тиісті тапсырма жүктелген болатын",-деп тоқталды С. Ахметов.

Бұған қоса Үкімет басшысы тиісті ведомстволар мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне суға шекті тарифті енгізу мәселесін қарастырып, оның нәтижесі бойынша ұсыныс жасауды тапсырды.

"10 күннен кейін бұл ұсыныстарды енгізу шарт",-деп түйіндеді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны