21.09.2010, 15:29 4027

Үкімет 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын мақұлдады

ҚР Үкімет бүгін "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіліп отырған отырыс барысында 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Үкімет бүгін "электрондық үкіметті" жүзеге асыру мәселелеріне қатысты өткізіліп отырған отырыс барысында 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту бағдарламасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрліктің хабарламасында, бағдарламаның негізгі мақсаты - ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшу және ақпараттық коммуникациялық технологияларды бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық сектор қалыптастыру болып табылады, деп көрсетілген.

Бағдарлама 7 негізгі баптан тұрады, атап айтқанда ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жаңғырту, интернет желісіндегі қазақстандық сегментті және қазақстандық контенті дамыту, электрондық қызметті және "электрондық үкіметті" дамыту, ақпараттық технологиялар қызметтерін әзірлеу секторын дамыту, цифрлық телехабар таратуды дамыту, жоғары технологиялық құрал-жабдықтар өндірісін дамыту, ақпараттық коммуникация саласындағы білімді дамыту болып табылады.

Салалық бағдарлама аясында мемлекеттік қолдауды және оларды іске асыру жөніндегі тетіктерді талап ететін жобалардың жинағы әзірленді, деп хабарлады мекемеден.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны