20.11.2012, 11:16 1803

Үкімет 2011-2014 жылдарға арналған бюджетті іске асыру туралы қаулыға түзетулер енгізді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011-2014 жылдарға арналған бюджет туралы" ҚР заңын іске асыру туралы" ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы қабылданды.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Үкімет 2011-2014 жылдарға арналған бюджетті іске асыру туралы қаулыға түзетулер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011-2014 жылдарға арналған бюджет туралы" ҚР заңын іске асыру туралы" ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы қабылданды.

Аталған құжатты бүгін Үкімет отырысында таныстырған ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішевтің атап өтуінше, қаулы жобасы бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылған. Ол жергілікті атқарушы органдарға берілген нысаналы трасферттердің сомасы 2012-2014 жылдарға арналған басымдықты республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі бойынша қайта бөлінді және 2012 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесіне өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды.

"Сондай-ақ бюджет заңнамасына сәйкес бюджет жобасының бюджеттің жалпы параметрлеріне әсер етпейтіні ескерілгенін атап өту қажет",- деді ол.

Министрдің айтуынша, бюджетті нақтылау барысында тегін медициналық көмектің аясында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, балапан бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру, астықты экспортқа тасымалдау құқын арзандату мақсатында сусбсидиялау, Астана қаласының автожолдарын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар бойынша сомалар ұлғайтылған. "Ағымдағы қаржы жылының аяқталуына 1 айдан аз уақыт қалғанын ескере отырып, бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бюджет кодексіне сәйкес келісімдерге нысаналы трансферт көлемдерін өзгерту бойынша түзетулерді барынша қысқа мерзім ішінде жүргізулері қажет", дейді Қаржы министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны