10.05.2011, 12:30 3788

Үкімет 2011 жылы экономиканың 7 пайыздық дамуына қол жеткізу жөніндегі жоспарды мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі 7 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - Үкімет 2011 жылы экономиканың 7 пайыздық дамуына қол жеткізу жөніндегі жоспарды мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі 7 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"2011 жылы ЖІӨ-нің шынайы өсімі 7 пайызды, 2012 жылы 6,9 пайызды, 2013 жылы 6,5 пайызды, 2014 жылы 7,1 пайызды, 2015 жылы 7,4 пайызды құрайды. Орташа есеппен алғанда 2011-2015 жылдар аралығында ЖІӨ жылына 7 пайызға өсім береді",-деді министр.

Оның атап өтуінше, экономикалық өсім бойынша мақсатты көрсеткіштер 2011-2015 жылдар аралығында бұған дейін бекітілген болжамды параметрлерге қарағанда 2-3 тармаққа жоғары болады.

"Қосымша өсім шикізаттық емес сектордың орташа алғанда шамамен 7 пайыздан астам қарқынды дамуымен қамтамасыз етіледі",-деді Қ. Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны