14.06.2010, 14:28 3656

Үкімет ағымдағы жылдың күзінде Парламентке 2010-2011 жылдардың нақтыланған бюджетін енгізетін болады - Премьер-Министр

"Осы жылдың бюджетінің, алғашқы 6 айының орындалуын қарау қажет. Бізде ресурстардың шығыны қалай болып жатқанын қарау керек. Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды және басқа да мәселелерді ескеріп, дайындалып, күзге қарай Парламентке 2010 жылдың нақтыланған бюджетін енгізетін боламыз", деді Премьер-Министр.

Астана. 14 маусым. Kazakhstan Today - Үкімет ағымдағы жылдың күзінде Парламентке 2010-2011 жылдардың нақтыланған бюджетін енгізетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы жылдың бюджетінің, алғашқы 6 айының орындалуын қарау қажет. Бізде ресурстардың шығыны қалай болып жатқанын қарау керек. Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды және басқа да мәселелерді ескеріп, дайындалып, күзге қарай Парламентке 2010 жылдың нақтыланған бюджетін енгізетін боламыз", деді Премьер-Министр.

Ол "елбасының берген барлық тапсырмаларын шешу" үшін қажет екендігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны