02.10.2012, 12:43 2995

Үкімет аймақтарды дамыту жөніндегі бағдарламаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ басты қаланың әкімшілік мәртебесі сияқты критерийлер бойынша Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне талдау жасалды.

Астана. 2-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада селекторлық режимдегі үкімет отырысында министрлер кабинеті Қазақстандағы қалалық агломерацияларды дамытуға қатысты "Өңірлерді дамыту" бағдарламасына енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев хабарлағандай, демографиялық сыйымдылық, логистикалық және экономикалық әлеует, сондай-ақ басты қаланың әкімшілік мәртебесі сияқты критерийлер бойынша Қазақстан қалаларының агломерациялық әлеуетіне талдау жасалды.

"Жасалған талдау нәтижесі бойынша 2 деңгейлі агломерацияны анықтау ұсынылып отыр: әлеуеті анағұрлым жоғары 1-ші деңгейлі агломерациялар - Астана, Алматы, Шымкент; агломерациялық әлеуетін іске асырудың бастапқы сатысындағы 2-ші деңгейлі агломерациялар - Ақтөбе және Ақтау", - дейді Е.Досаев.

"Жалпы, Қазақстандағы агломерациялардың негізгі міндеті ретінде оларды әлем және аймақтық нарықтармен ықпалдасқан ұзақ мерзімді даму орталықтары ретінде анықтау ұсынылып отыр", - дегенді қосты министр.

Оның айтуынша, бағдарламаның аталмыш міндетін үш бағыт бойынша жүзеге асыру ұсынылады:

1.Агломерацияларды республикалық және аймақтық нарықтарда экономикалық тұрғыда позицияландыру.

2.Агломерациялар мен олардың тарту аумақтарының инфрақұрылымын үйлесімді түрде дамыту.

3.Агломерацияларды дамыту бойынша қалақұрылыс және институционалды саясатты жетілдіру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны