05.10.2011, 10:46 3858

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізімін бекітті

Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізімін бекіткен қаулы сәрсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жаңа тізімін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тиісті қаулы сәрсенбі күні ресми басылымдарда жарияланған.

Тізімде ұн, макарон бұйымдар, жармалар, күріш, картоп, көкөністер, қант, өсімдік майы көрсетілген.

Сондай-ақ сиыр еті, қой еті, тауық, пастерленген сүт(майлылығы 2,5%, 3,2%), айран(2,5%, 3,2%), сүзбе (5%-9%), ұлтабар ірімшігі, кілегей майы (тұздалмаған, майлылығы 72,5%-тен кем емес) жұмыртқа 1-2 категориялы, тұз "Экстрада" тұзынан басқа, түйіршіктелген қара шәй енгізілген.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны