09.02.2007, 15:45 2615

Үкімет Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарының әлеуметтік проблемаларын шешу жұмыстарын одан әрі жалғастырады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарының әлеуметтік проблемаларын шешу жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар сауалына жауап беру барысында атап көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Байқоңыр аумағында тұратын Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты проблема шынында да бар. Бұл қалада тұратын азаматтарға қатысты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісім-құқықтық базаның түпкілікті реттелмеуіне байланысты",- деді К.Мәсімов.

"Былтыр мен осы мәселе бойынша кейбір келіссөздер жүргізгем. Оны реттеу үшін кейбір келісімдерді қайта қарауға қатысты қазір де келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазіргі жағдаймен ауызша келісім бар. Ресей Федерациясы үкімет басшысының алдағы елімізге ресми сапары барысында осы ақтаңдақты реттеу - басты мәселелердің бірі болмақ",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны