27.03.2007, 13:33 3386

Үкімет басшысы әкімшілік реформалардың бірінші кезеңін іске асыру жұмыстарын бастауды тапсырды

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов әкімшілік реформалардың бірінші кезеңін іске асыру жұмыстарын бастауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Икімшілік реформаны іске асыру мерзімін кейінге шегере бермегеніміз жөн. Икімшілік реформалардың бірінші кезеңі ретінде кейбір тұстарын қазірден бастап қолға ала беруге болады",- деді К.Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында вице-премьер Аслан Мусинге қаратып айтқан сөзінде.

Үкімет басшысы әкімшілік реформаларлы жүзеге асыруда президент берген барлық тапсырманы орындау қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, К.Мәсімовтың айтуынша, "мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс істеу мотивациясын көтеру", "министрліктер аясындағы буындар санын қысқарту", "орталық және жергілікті атқарушы билік органдары арасында қайталанатын қызметтерді қысқарту", "жауапты хатшы лауазымын енгізу" секілді міндеттерді атқара беру қажет.

"Келесі сейсенбіде үкіметтің отырысында әкімшілік реформаға қатысты мәселелерді екінші кезекте қарап, дәйектеп, мемлекет басшысының қол қоюына ұсынамыз",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны