31.01.2007, 14:00 6497

Үкімет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметінен. 
 

Үкімет басшысының жұмыс сапарының бағдарламасы айтарлықтай ауқымды",- деп көрсетілген баспасөз қызметінде. 

 
К. Мәсімов жұмыс сапарын "Степногор подшипник зауыты" АҚ мен "Степногор тау металлургиялық комбинаты" ЖШС гидрометаллурггиялық зауытынан бастамақ. 
 
К. Мәсімов Ақмола облысындағы сапарын "Құнарлы" ЖШС жылу кешенінде, "Джет-7" ЖШС ЖЭО-да және А. Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінде жалғастырмақ. 
 
Күннің екінші жартысында үкімет басшысы Ұлттық қорғаныс университетіне, "Балдаурен" Республикалық емдеу-сауықтыру орталығы" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен "Оқжетпес" Шипажайы" АҚ-на бару жоспарланған. Ол осында Шучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту жөніндегі кеңеске қатыспақ. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны