20.03.2012, 14:46 3614

Үкімет басшысы Алматы қаласының дамуына арналған жиын өткізбек

"Сіздермен бірлесіп Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңес дайындайық. Серік Нығметұлы бұл сізге тапсырылады, ал Ахметжан Смағұлұлы (Алматы қаласының әкімі) сіз өзіңіздің барлық мәселелеріңізді көтеріңіз", - деді.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Алматы қаласының дамуына арналған жиын өткізбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматы қаласын дамыту бойынша кеңесті дайындауға тапсырма берді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

"Сіздермен бірлесіп Алматы қаласын дамыту жөніндегі кеңес дайындайық. Серік Нығметұлы бұл сізге тапсырылады, ал Ахметжан Смағұлұлы (Алматы қаласының әкімі) сіз өзіңіздің барлық мәселелеріңізді көтеріңіз", - деді.

Үкімет басшысы бұл ретте Алматының индустриалды паркін дамыту, жалпы қаланың инфрақұрылымын, оның ішінде метроны да одан әрі дамыту мәселелері қамтылу керектігін ескертті. Сондай-ақ жиын барысында 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысты мәселелер де көтерілетін болады.

"Біздерде ағымдық сипаттағы әрі одан да ұзақ мерзімді мәселелер бар, оларды талқылап, қарастыру керек", - деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны