06.10.2006, 17:14 3215

Үкімет басшысы "Алматы Пауэр Консолидейтед" компаниясының басты жұмыс бағытына жатпайтын активтерінен бас тартуға жасап жатқан әрекеттеріне қолдау білдірді

АСТАНА. 6-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы және Алматы облысын жылумен және энергиямен қамтамасыз ететін негізгі компания - "Алматы Пауэр Консолидейтед" акционерлік қоғамының басты жұмыс бағытына жатпайтын активтерінен құтылуға жасап жатқан әрекеттеріне үкімет басшысы қолдау білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АПК жөніндегі өткен жолғы кеңесте Үкімет басшысы мүдделі ведомстволарға компанияны қаржылық сауықтырудың тыңғылықты жоспарын қайта қарап шығып, ұсыныс енгізуді тапсырған еді.

Бүгін АПК АҚ-ы құрылтайшылары өкілдерінің айтуларынша, негізгі проблеманың бірі - 6 млрд. теңге көлеміндегі компанияның салықтық қарызын өтеу мәселесі шешілді. Алайда, толықтай алғанда, мемлекеттік органдардың пікірінше, қайта құру сұлбасы бойынша ұсыныстар қолданыстағы заңнамаға толықтай алғанда сәйкеспейді. Атап айтқанда, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің деректеріне сәйкес, сұлбада келтірілгендей Қапшағай СЭС мен Каскад СЭС мүліктік кешендерін бір лотпен сату туралы ұсыныс "Табиғи монополиялар туралы" заң талаптарына қарама-қайшы.

Кеңес барысында Даниал Ахметов профильді емес активтерден бас тарту жөніндегі құрылтайшылар іс-әрекетін қолдады, өйткені өзіне тән емес міндеттер компанияның тиімділігіне қайшы болып келеді. Алайда, үкімет басшысы ұсынылған жоспардың қайта құрылымына қатысты оның компанияның нақты қаржылық сауықтыруды іске асыруға мүмкіндік береріне сенім аз екенін атап өтті, өйткені жоспар бұл күйінде қаржылық негіздемеге сай емес және ҚР заңнамалық талаптарына толықтай жауап бере алмайды.

Кеңес қорытындысы бойынша Даниал Ахметов АПК-ны қайта құру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды және үкіметтің кезекті кеңесінде талқылауға енгізуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны