05.12.2008, 19:11 3049

Үкімет басшысы Алматыда бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті

Үкімет басшысы Алматыда бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті

Алматы. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Алматыда бірқатар шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "КонокоФиллипс" компаниясының басқарма төрағасы Джеймс Малвамен кездесті.

Кәрім Мәсімов "КонокоФиллипс" компаниясының Басқарма Төрағасы және корпорацияның бас атқарушы директоры Джеймс Малвамен компанияның Казақстандағы қызметінің болашағы жайында талқылады.

Тараптар "КонокоФиллипс" компаниясының алдағы уақытта республика аумағындағы жобаларға қатысуы мәселесі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, "КонокоФиллипс"-тің "ҚазМұнайГаз"ҰК АҚ және "Мубадала Девелопмент Компани" МАҚ-мен бірлескен операциялық компания шеңберінде "Н" жобасын басқару жөнінде болашақ серіктестік құру .

Д. Малва аталған жобаға қатысу компания үшін өздерінің ең мықты күштерін көрсетуге мүмкіндік беретінін, және осы жобаға болашақ инвестиция салуды асыға күтетінін жеткізді.

"КонокоФиллипс" басқармасының төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Үкіметінің атына компания ұсыныстарына қолдау білдіргені үшін алғыс сезімін білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов компанияның атқарушы вице-президенті Ив-Луи Даррикер бастаған "Тоталь" корпорациясының бір топ өкілдерімен кездесті.

Кездесу кезінде компанияның қызметі және Қашаған кен орнын игеру жобасына қатысты ынтымақтастықтың жаңа жолдары талқыланды.

Ив-Луи Даррикер "компанияның Қазақстан Республикасына қатысты өзінің барлық жауапкершілігі мен міндеттемелерін жақсы түсінетіндігін"- атап өтті.

"Тоталь" қазақстандық әріптесімен тығыз ынтымақтастықты дамыта беруге дайын"- Ив-Луи Даррикер.

Кездесу соңында Кәрім Мәсімов өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта беруге сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны