16.02.2007, 16:51 3043

Үкімет басшысы Алматы-Қапшағай тасжолының бойына серіктес-қалалар салу арқылы Алматыдағы көлік ағынын азайту мүмкіндігін қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматы-Қапшағай тасжолының бойына серіктес-қалалар салу арқылы Алматыдағы көлік ағынын азайту мүмкіндігін қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды,деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Серіктес-қалалар дамыту мәселесі - мемлекет басшысының тапсырмасы",- деді К.Мәсімов Шучье-Бурабай демалыс аймағы мен Капшағай су қоймасын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осыған байланысты кеңесте Каспий инвестициялық холдингінің президенті Юрий Цхай ұсынған жобаны мақұлдады. "G 4 City" арнайы әзірленген жобасында Алматы-Қапшағай тасжолын бойлай төрт серіктес-қала салу ұсынылады.

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматы-Қапшағай тасжолының бойына серіктес-қалалар салу арқылы Алматыдағы көлік ағынын азайту мүмкіндігін қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды,деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Серіктес-қалалар дамыту мәселесі - мемлекет басшысының тапсырмасы",- деді К.Мәсімов Шучье-Бурабай демалыс аймағы мен Капшағай су қоймасын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осыған байланысты кеңесте Каспий инвестициялық холдингінің президенті Юрий Цхай ұсынған жобаны мақұлдады. "G 4 City" арнайы әзірленген жобасында Алматы-Қапшағай тасжолын бойлай төрт серіктес-қала салу ұсынылады.

Ақмола және Алматы облыстарының әкімдері үкімет басшысына аталған өңірлердегі арнайы аймақты дамыту бағдарламасы туралы мәлімдеді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қадырхан Отаровтың айтуынша, бағдарлама аясында кешенді іс-шараларды іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Көкшетау әуежайы қайта жөндеуден өткізіледі, жаңадан алаңдар тұрғызылып, қазіргі алаңдарға жөндеу жүргізіледі, коммуникация желілері жаңартылады. Алайда,

Қ.Отаров атап өткендей, Щучье-Бурабай демалыс аймағының бас жоспарының келісім рәсімдері әлі аяқталмаған.

Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бірқатар шетелдік инвесторлар Қапшағай демалыс аймағын дамытуға өз қаражаттарын қосу туралы пейілдері барын жеткізді.

Бұдан басқа, үкімет басшысы Шучье-Бурабай демалыс аймағы мен Капшағай су қоймасын кешенді дамыту жөніндегі жұмыс тобын құруға тапсырма берді. Аталған топтың үйлестіру органы болып экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі айқындалды. "Таяу уақытта Щучье-Бурабай демалыс аймағы мен Қапшағай су қоймасының бас жоспарын келісуге және бекітуге ұсыну қажет" деп атап өтті үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны