09.06.2008, 13:25 1392

Үкімет басшысы Астана басшылығына үлескерлердің мәселесін жеделдете шешуді тапсырды

Үкімет басшысы Астана басшылығына үлескерлердің мәселесін жеделдете шешуді тапсырды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астана басшылығына үлескерлердің мәселесін жеделдете шешуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында пәрмен берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Астана қаласының әкіміне үлескерлермен келіссөздер жүргізіп, аталған мәселе бойынша шешім қабылдап, үкіметке ұсыныс енгізуді тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов.

Еске сала кетейік, Астанада үлескерлердің қаржысымен салынып жатқан 200 құрылыс нысанының 20 астамы қаржы тапшылығына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілмей жатқан "тауқыметті" нысандарға жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны