02.04.2013, 10:22 2776

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды

"Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық қажетті егістік жұмыстарын, міндетті жанар-жағармайды және басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сапалы қамтамасыз етуді, басымдықты ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдары алқаптарын кеңейту бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын",-деді С. Ахметов.

Астана. 2-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық қажетті егістік жұмыстарын, міндетті жанар-жағармайды және басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сапалы қамтамасыз етуді, басымдықты ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдары алқаптарын кеңейту бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын",-деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Мұнай және газ министрлігіне бекітілетін кесте мен қол қойылған меморандумға сәйкес қажетті көлемдегі дизель отынымен өңірлерді үздіксіз қамтамасыз ету бағытындағы барлық шараларды қабылдауды жүктеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны