26.01.2009, 11:33 1861

Үкімет басшысы Баутино портындағы шекаралық кемелер мен катерлердің 2-ші дивизиясымен танысты

Үкімет басшысы Баутино портындағы шекаралық кемелер мен катерлердің 2-ші дивизиясымен танысты

Ақтау. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында Түпқараған ауданы, Баутино портындағы шекаралық кемелер мен катерлердің 2-ші дивизиясымен танысып, екінші дәрежелі "Сақшы" шекара кемесін аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл - Қазақстандағы жоғары санаттағы екінші кеме. Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекараны күзету мақсатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тапсырысымен 2008 жылы құрастырылып, 2009 жылы қолданысқа берілді. Кеме Каспий теңізінің кез келген ауданында жүзуге мүмкіндік беретін заманауи навигациялық қондырғымен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны