24.07.2006, 16:59 2782

Үкімет басшысы білім Министрлігі жанынан ғылым Комитетін құру туралы қаулыға қол қойды

АСТАНА. 24 шілде. Kazakhstan Today. Премьер-министр Даниал Ахметов ҚР білім және ғылым Министрлігі жанынан ғылым Комитетін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкімет басшысының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Құжат кіріспесінде, "Комитет ғылым саласындағы басқару жүйесін жетілдіру мақсатында, ғылыми зерттеулердің салааралық үйлестіруін күшейту үшін құрылды", - делінген.

"Қаулыға сәйкес, комитеттің негізі, құрылымы және құрамына кіретін мекемелер тізімі бекітілді", - дейді баспасөз-қызметінің өкілдері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны