25.02.2009, 19:20 3489

Үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Siemens" компаниясының басқарма төрағасы Петер Лешермен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде "Siemens" компаниясы мен Қазақстанның қарым-қатынасын дамыту жоспары талқыланды.

П.Лешер компания инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыруға, электр энергетикасы, мұнай-газ өндірісінде, теміржол машинақұрылысы, байланыс, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларында, сондай-ақ, мамандарды кәсіби даярлық ісінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Ол "Siemens" компаниясы экономиканың түрлі салаларында бірсыпыра нақты жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

"Компания қызметі үшін Қазақстанның маңызы айырықша. Біз елді әріқарай модернизациялау үдерісіне шынайы көңілмен қатысамыз",-деді П.Лешер.

Кездесу соңында премьер-министр "Сіз атап көрсеткен барлық жобалар - өте тартымды ұсыныстар. Жобалар мұқият зерттелетін болады",-деп атап өтті. К.Мәсімов ұсынылып отырған жобалар өндірісті тоқтатпай, жаңа жұмыс орындарын құруға сеп болуы тиіс екенін айтты.

Содан кейін ҚР премьер-министрі К.Мәсімов "Rohde & Schwarz" компаниясының басқарушы директоры және президенті Кристиан Ляйхермен кездесті.

Кездесу барысында әлемдік танымал компанияның Қазақстандағы қызметінің келешектегі жай-күйі талқыланды.

К.Ляйхер "Rohde & Schwarz" компаниясы телекоммуникация және ақпараттық технологиялар, атап айтқанда, радиомониторингті дамыту және цифрлы теледидар құру салалары бойынша жобаларды іске асыруға дайын екенін жетізді.

К.Мәсімов қазақстандық телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар рыногын одан әрі дамытуда өзара ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті барын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны