18.10.2006, 17:21 2931

Үкімет басшысы "Daimler Chrysler AG" концерні өкілдерімен елімізде автокөлік құрастыратын бірлескен кәсіпорын құру жайын талқылады

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет басшысы Даниал Ахметов "Daimler Chrysler AG" концернінің өткіштігі жоғары автокөліктер жөніндегі бас менеджері Луц Мазухпен кездесуінде елімізде автокөлік құрастыратын бірлескен кәсіпорын құру жайын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мазух мырзаның айтуынша, компания Греция мен Франция елдерінде осыған ұқсас кәсіпорынды құрудан тәжірибе жинақтаған.

Қазіргі уақытта "Daimler Chrysler AG" жеңіл автокөліктер мен жолсыз жерлерде де жорта беретін қуатты көліктер өндіруші жетекші өндіріс болып табылады, олардың арасында "Merctdes-Benz", "Chrysler", "Jeep", "Dodge" бар.

Ол ұсынылып отырған жобада біртіндеп "көліктің тек бұрандамаларын қатайту" түріндегі құрастырудан қазақстандық кәсіпорындарда кейбір түйіндерді өндіруге көшу қарастырылғанын атап өтті. Атап айтқанда, көлік рамалары мен кузовтарын дайындау межеленген.

Өз кезегінде премьер-министр индустрия және сауда министрлігіне тұтынушылар рыногын зерттеуді, соның ішінде аталған бірлескен кәсіпорын өнімдерін көршілес елдердің нарығына шығару мүмкіндігіне талдау жасаумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны