06.06.2006, 09:35 2798

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен республикалық бюджеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Кеше үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен республикалық бюджет комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия үкіметтің 2007-2009 жылдарға арналған орташа мерзімді фискалдық саясатының жобасын қарап, толықтай алғанда мақұлдады. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2006 жылғы 1-шілдеден бастап Ұлттық қорды қалыптастыру тұжырымдамасына өзгеріс енгізіледі, өйткені мұнай саласынан түсетін түсімдер осы қорға жинақталатын болады.

Комиссия тарапынан сондай-ақ ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламасының шығыстар лимиті қабылданды, соның негізінде 2007 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыра бастау жұмыстары жүргізіледі.

Отырыста көлік және коммуникациялар министрлігі өзге жобалардан үнемделген және пайдаланылмай қалған қаражатты «Ақтау-Атырау» жолы құрылысына бөлу туралы ұсыныс енгізді. Алайда үкімет басшысы бүгінде еліміз үшін «Челябинск-Қостанай-Астана-Қорғас» стратегиялық жол болып табылатынын мәлімдеді. Сол себепті министрліктің ұсынысын комиссия қабылдамады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны