18.05.2006, 18:10 3067

Үкімет басшысы депутаттар тобын қабылдап, заң шығару мәселелерін талқылады

АСТАНА. 18- мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәжіліс депутаттары Ерлан Нығматуллин, Төлеген Мұхамеджанов, Асқар Бейсенбаев, Мұрат Кәрімов және сенатор Жақай Нұрғалиевпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иңгіме барысында экология және үлестік құрылыс салаларындағы заң шығару қызметі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ аймақтық даму, ауылдық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру және ауылдық туризмді дамытудың нақты мәселелері қаралды.

Үкімет басшысы депутаттар көтеріп отырған проблемалардың өзектілігін атап өте отырып, олар тиісті шешімдер қабылдау үшін жан-жақты қаралатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны