Система Orphus

Үкімет басшысы ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Даниял Ахметовті қабылдады

22.01.2013, 17:16 348

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Еуразия экономикалық комиссиясының Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгіме барысында Д.Ахметов Үкімет басшысына Еуразия экономикалық комиссиясының қызметі, оның жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлары туралы ақпар берді.

"Біздің Президенттеріміздің тапсырмаларына сәйкес біз осы жылдың 1 мамырына дейін Комиссия жұмысының перспективалық бағдарламасын әзірлеуіміз қажет. Мен сондай-ақ Премьер-Министрге нормативтік-құқықтық базаны кодтау жөніндегі жұмыстар туралы, біздің Комиссия шеңберінде қандай жаңа құжаттар әзірленіп жатқаны жайлы, таяу арада интеграцияның қандай жаңа бағыттарын жоспарлап отырғанымыз туралы айтып бердім", - деді Д.Ахметов кездесу соңында.

Оның сөзіне қарағанда, интеграцияның жаңа бағыттары қазақстандық экономиканың түрлі салаларындағы, ең алдымен электр энергетикасы саласындағы жалпы нарықты ұйымдастырумен байланысты.

"Барлық интеграциялық үрдістерге біздің мамандарымыздың қатысатынын тағы да атап айтқым келеді. Кез-келген экономикалық мәмілелер теңдік, бәсекелестік, адамгершілік және адал қарым-қатынастар мәдениеті ұстанымдарына негізделеді, сондықтан Қазақстанның Кедендік одақ шеңберіндегі жұмыстары айдан анық. Біз тауар айналымының едуір өсуіне де қол жеткіздік", - деп қорытындылады Д.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны