23.01.2007, 15:16 3174

Үкімет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын күшейту қажет деп санайды

Үкімет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын күшейту қажет деп санайды

АСТАНА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов елімізде бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын күшейту қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұқаралық спортты дамыту мәселесі күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселеге айналуға тиіс",- деді үкімет басшысы туризм және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде. "Егер ұлттың денсаулығы мықты болмаған жағдайда біз ешқашан бәсекеге қабілетті мемлекет құра алмаймыз",- деді ол.

"Ол үшін өңірлерде әрбір бозбала өзіне ұнайтын спортпен шұғылдана алатындай жағдай туғызып, спорттық ғимараттарды мейлінше көп салу керек",- деді К.Мәсімов. "Бірақ бұл мәселелердің бәрін де бюджеттің есебінен шешу күрделі іс болмақ. Сол себепті проблеманы шешуге жеке бизнесті, меценаттарды көптеп тарту керек. Осы бағытта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту қажет",- деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны