10.08.2006, 09:32 2554

Үкімет басшысы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне қорғаныс министрлігінің мамандарына еңбекақы төлеу мәселесін дәйектеуді тапсырды

АСТАНА. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Кеше үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен еліміздің Қарулы Күштерін қаржыландыру және дамыту мәселесі жөнінде кезекті кеңес өтіп, онда үкімет басшысы Корғаныс министрлігінің кәсіби мамандарының еңбекақысын төлеуде дифференциалды көзқарас ұстану қажеттігіне назар аударып, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне аталған мәселені дәйектеуге тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметітң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің өкілдері үкімет басшысына еліміздегі әскери-саяси жағдайға жасалған талдаумен таныстырды. Сондай-ақ Қарулы Күштерді, өзге әскерді дамыту мен қалыптастырудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы үкіметтің қарауына ұсынылды.

Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - жоғары технологиялық байланыс құралдарымен, соның ішінде спутниктік навигациялық жүйелермен жарақтандырылған, жинақы, бірақ ұтқыр әрі жауынгерлік қабілеті жоғары армия құру болып табылатыны аталып өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны