18.05.2006, 14:26 2969

Үкімет басшысы еліміздің индустрия және сауда министрлігі мен ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне 1-маусымнан бастап ұялы байланысқа 10 секундтық тариф белгілеуді тапсырды

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов еліміздің индустрия және сауда министрлігі мен ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне 1-маусымнан бастап ұялы байланысқа 10 секундтық тариф белгілеуді тапсырды. Үкімет басшысы телекоммуникациялар нарығын монополиядан шығару жөніндегі кеңес барысында осындай міндеттеме берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Кеңеске қатысқан ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазір 1 мин. 10 сек. созылған әңгіме үшін абонент 2 минут сияқты баға төлейді. Оның айтуынша, 2005-жылы ұялы байланыс операторлары іс жүзінде көрсетілген қызметтен 1,5 есе артық абоненттік төлем жинаған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны