07.06.2006, 19:02 2901

Үкімет басшысы Есіл өзені арқылы өтетін көпір мен магистральды автожолдың құрылысымен танысты

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Премьер-министр Даниал Ахметов бүгін Астанадағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссияның жылжымалы отырысын өткізіп, Есіл өзені арқылы өтетін көпір мен магистральды автожолдың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы бас мердігер - «Джейлан Лимитед» ЖШС келісілген мерзімде құрылысты аяқтай алмайды деген тоқтамға келді. Аталған құрылысты шілденің басында іске қосу жоспарланған болатын. Бұл нысандар астананың көлік инфрақұрылымындағы мәселелердің біразын шешуі тиіс болатын.

Даниал Ахметов бірінші кезекте құрылыстың сапасына мән беру қажеттігіне назар аударды. «Нысанды алдымен қабылдап алып, артынан оны бірнеше ай бойы қайтадан жөндеуге жол берілмеуі керек», - деді үкімет басшысы. Сондай-ақ Даниал Ахметов құрылысты бақылаушы органдардың басшылары кемшіліктер үшін тікелей жауап беретінін атап көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны