03.12.2008, 16:10 2850

Үкімет басшысы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Үкімет басшысы Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Еуропалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) президенті Томас Мироумен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар әлемдік экономикадағы ахуал, қазақстандық экономиканың даму болашағы, сондай-ақ Қазақстан мен ЕҚҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері туралы әңгімелесті.

Сонымен бірге, Қазақстан үкіметі іске асырып жатқан ел экономикасын тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жөнінде де пікір алмасылды.

"Мен үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасында атап көрсетілген бағыттары дұрыс деп санаймын және, сөз жоқ, ЕҚҚДБ бұл бағдарламаны іске асыруда үкіметке қолдау көрсету үшін бар мүмкіндікті жасайды",- деді Т.Мироу.

ЕҚҚДБ президенті : "қазіргі таңда әлемде ешкімге де оңай соғып отырған жоқ, алайда біз Қазақстанда бұл дағдарыстан қысылмай шығудың барлық мүмкіндіктері бар екеніне сенімдіміз. Қазір маңызды шешім қабылдайтын уақыт жетті. Біз премьер-министрмен және біздің әріптестерімізбен салиқалы әңгіме өткеніне өте қуаныштымыз",- деп атап өтті.

Кәрім Мәсімов пен Томас Мироу екі жақты ынтымақтастықтың әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны