14.12.2012, 17:52 2879

Үкімет басшысы Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады

Ж-Ш. Бертонэ елімізді Астананың халықаралық мамандандырылған "Экспо-2017" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Серік Ахметов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэні қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ж-Ш. Бертонэ елімізді Астананың халықаралық мамандандырылған "Экспо-2017" көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады.

Өз кезегінде, С.Ахметов Францияның Қазақстанның елордасын қолдағаны үшін алғысын білдірді. "Қазақстан таңдап алған көрме тақырыбы - "Болашақ энергиясы" - әлемдік қауымдастық үшін өте маңызды. Тәжірибесі мен технологиялық жетістіктері арқылы Франция көрмеде өзін биік деңгейде көрсетеді деп сенемін", - деді С.Ахметов.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан Үкіметі Франциямен сауда-экономикалық байланыстарын одан әрі де дамыта беру ниетінде. Біз өзіміздің екіжақты қарым-қатынастарымыз сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, Қазақстан-Француз ынтымақтастығын одан әрі тереңдеруге серпіліс алады деп үміттенеміз", - деп атап өтті С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны